Хасен Қабдұлұлы Абсалямов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2024 ж. мамырдың 28 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Хасен Қабдұлұлы Абсалямов (23 шілде, 1950 ж. – 14 тамыз, 2023 ж.) — қазақ ғалымы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі және өнеркәсіп көшбасшысы.

Абсалямов Хасен Қабдұлұлы – 1950 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында дүниеге келген. 1969 жылы № 1 Степняк орта мектебін бітіріп, Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетіне оқуға түсті. 1974 жылы институтты бітіргеннен кейін алюминий зауытына жұмысқа жіберілді, онда 8 жыл жұмысшы, шебер, учаске бастығы болып жұмыс істеді.

1982 жылдан 2002 жылға дейін Васильков тау-кен байыту комбинатында жұмыс істеді: зертхана бастығы, тәжірибелі алтын өндіру фабрикасының бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, бірінші вице-президенті, содан кейін 1994 жылдан 2002 жылға дейін «Васильковский КБК» ААҚ президенті болды.

2002 жылдан 2012 жылға дейін Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпорындарында әртүрлі басшылық лауазымдарды атқарды: «Обухов КБК» директоры, «Барчинское КБК» директоры, ЖШС «Байлусты Алтын» бас директорының кеңесшісі, ЖШС «КДА завод» директоры.

2014 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне «Тау-кен ісі, құрылыс және қоршаған отраны қорғау» кафедрасының меңгерушісі болып жұмысқа шақырылды<ref name=":0">https://www.nagn.kz/page29.html</ref>.

2015–2020 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті «Политехникалық факультетінің» деканы болды. Декан және кафедра меңгерушісі қызметтерінің тізгінін қосаққа алған Х.Қ.Абсалямов білім беруді дамытуға және болашақ мамандарды даярлау ісінде сүбелі үлес қосты<ref name=":0" />.

2017 жылы Х.Қ.Абсалямов «Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола филиалының директоры болып тағайындалды<ref>https://pk.uchet.kz/search/bin/170541022116</ref>.

2020 жылы Х.Қ.Абсалямов «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КеАҚ «Өнеркәсіптегі жаңа технологиялар» ғылыми-техникалық зертханаларының басшысы болып тағайындалды. Х.Қ.Абсалямов ғылыми қызметке белсенді қатысып, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпорындарымен ғылыми-практикалық ынтымақтастықты дамытты<ref name=":0" />.

Көптеген ғылыми мақалалардың авторы, үш авторлық патенті бар.

Х.Қ.Абсалямов «Айрықша еңбегі үшін» медалімен», «Құрмет» және «III дәрежелі Еңбек Даңқы», «Темпус IV», «Эразмус Мундус» және «Эразмус +» жобалардың іске асыруларына 10 жыл», «Біржан сал ауданының Құрметті азаматы», «Құрметті кенші», «С.Т.Такежанова» медальдарымен, «Тау-кен ғылымының үздігі» орденімен марапатталған<ref name=":0" />.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер