Жер сфероиды
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:18, 2014 ж. сәуірдің 22 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Жер сфероиды, референц-эллипсоид — Жер фигурасын дәлірек көрсететін, пішіні геоидке жуық айналу эллипсоиды. Ол эллипстің кіші осі бойынша айналуынан шығады. Геодезияда жердің математикалық моделі ретінде жер сфероиды алынып, геодезиялық өлшеулердің нәтижелері сол жер сфероидының бетіне проекцияланады.
Дереккөздер:
Қазақ ұлттық энциклопедиясы Үлгі:Суретсіз мақала