Жарғақтық бөлу

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жарғақтық бөлу — ерітінділер жүйесіне жартылай өткізгіш жарғақ енгізгенде болатын тепе-теңдік. Бұл кезде жарғақтан өтетін иондар жарғақтың екі жағында бірдей мөлшерде орналасса, өтпейтін иондар бір жағында қалып қояды. Жарғақтық бөлуді ағылшын химигі Ф.Доннан (1870 — 1956) толық қарастырып, теориялық түрде негіздеді. Ол күрделі электролиттерден тұратын жүйелерде де Жарғақты бөлудің болатынын көрсетті. Жарғақтың белсенді түріне ион алмастырғыш шайырлар жатады. Ондай жарғақтар электролитке батырғанда концентрациясы көп екінші ерітінді рөлін атқарады. Ерітінді мен жарғақ арасындағы ион алмасу Жарғақтық бөлу жағдайына сәйкес жүреді. Жарғақтық бөлу антибиотиктерді тазартуда, биологиялық активті заттарды бөлуде қолданылады. <ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub