Мұрат Шөкеұлы Өмірсеріков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:18, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мұрат Шөкеұлы Өмірсеріков (1.1.1954 жылы туған, Алматы облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылы) - геология-минерал, ғылым доктары (1997), профессор (2006). Қазақстан Жаратылыстану Ғылым Академиясының академигі (2010). ҚазМУ-ды (1977, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясының геологиялық ғылымдар институтында инженер, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1979-99), Алматы технология және бизнес университетінің ректоры (2000-08), 2008 жылы Қазақ ұлттық техника университетінің Геологиялық барлау институтында директор қызметін атқарған. 2011 жылдан бастап Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының директоры қызметін атқарады. «Геоинформационные системы рудного района и прогнозирование его перспективности на промышленное оруденение» тақырыбында доктарлық диссертацияны қорғады. 70-тен астам ғылым жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. Кен барлау ісінің үздігі (2009).<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub