Жабағы Сүлейменұлы Тәкібаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:10, 2024 ж. қазанның 1 кезіндегі BilgishShezhireshiBot (Талқылауы) істеген түзету
Сурет:Ж.Тәкібаев.tif
Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев
Жабағы Сүлейменұлы Тәкiбаев (28.09.1919, Семей – 31.10.2016, Алматы) – физик, физика-математика ғылымдарының докторы (1958), Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының академигі (1958), профессор (1959), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1967).<ref>Академику Жабага Сулейменовичу Такибаеву 95 лет. Старейшина физиков Казахстана. Вестник НАН РК 2014 г. № 5. Үлгі:Webarchive</ref>
Өмірбаяны
- Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік Университетін бітірген (1942).
- 1942–1944 жылы Нүкіс қаласындағы Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы.
- 1944–1949 жылы КСРО Ғылым Академиясының П. Н. Лебедев атындағы физика институтында аспирант.
- 1949–1951 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының Астрономия және Физика Институтында аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі.
- 1951–1957 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Физика-Техникалық Институтының директоры.
- 1957–1970 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Ядролық Физика Институтының директоры, бөлім меңгерушісі.
- 1970–1981 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы Жоғары Энергия Физикасы Институтының директоры, лаборатория меңгерушісі.
- 1962–1971 жылы Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының вице-президенті.
- 1981–1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ядролық физика кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының кеңесшісі (1992).
- 1993 жылдан Қазақстан Республикасы Ұлттық Ядролық Орталығының ғылыми жетекшісі.
Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері классикалық электродинамикаға, ғарыштық сәулелер физикасына, жоғары энергия физикасына арналған.<ref>Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.</ref>
Дереккөздер
<references />
Санат:
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 28 қыркүйекте туғандар
- 1919 жылы туғандар
- Семейде туғандар
- 31 қазанда қайтыс болғандар
- 2016 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Физика-математика ғылымдарының докторлары
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Парасат орденінің иегерлері
- XX ғасыр физиктері
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары
- Өзбекстан Ұлттық Университеті түлектері
- Нүкіс мемлекеттік педагогикалық институты оқытушылары
- Лебедев атындағы физика институты қызметкерлері