Амуруллам Омарбакиұлы Омарбакиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:56, 2026 ж. шілденің 1 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға

Амуруллам Омарбакиұлы Омарбакиев (9 шілде 1945 жыл, Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Тиірмен ауылы) — педагог, математика пәнінің мұғалімі, білім беру ісінің ұйымдастырушысы, Қазақ КСР оқу ісінің озық қызметкері.

Өмірбаяны

Омарбакиев Амуруллам Омарбакиевұлы 1945 жылы 9 шілдеде колхозшы отбасында дүниеге келген. Ұлты – ұйғыр. 1952 жылы Тиірмен мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, кейін Ават орта мектебінде білім алды. 1962 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап, сол жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсті. 1964–1967 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. 1969 жылы институтты физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Еңбек жолын 1969 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Подгорное орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады.

Педагогикалық қызметі

Омарбакиев Амуруллам ұзақ жылдар бойы математика пәнінен сабақ беріп, шәкірт тәрбиелеумен айналысты. Оның жетекшілігіндегі сыныптарда жоғары оқу орындарына түскен түлектердің үлесі жоғары болды.

1977–1985 жылдары оқушылардың өндірістік бригадасын басқарды. Бригада мүшелері сарымсақ өсірумен айналысты. 1978 жылы Алматы комсомолының 60 жылдығына арналған республикалық жарыста жоспарланған 40 центнердің орнына 85,2 центнер өнім алып, жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Осы жетістігі үшін ұжым Республикалық Ленин комсомолы Орталық комитетінің көшпелі Қызыл Туымен марапатталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1984–1986 жылдары мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарды.

Мектеп директоры ретіндегі қызметі

1986 жылы Тиірмен орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Оның басшылығымен мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, оқу кабинеттері жөнделді, интернаттың жылу жүйесі қайта құрылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Мектеп жанынан өндірістік шеберхана ұйымдастырылып, оқушылардың еңбекке баулу жұмыстары жүргізілді. Арнайы шотқа түскен қаражат есебінен спорттық құрал-жабдықтар, музыкалық аспаптар сатып алынып, үздік оқушыларға шәкіртақы тағайындалды.

Оқу сапасын арттыру мақсатында озық педагогикалық тәжірибелер енгізілді. Нәтижесінде мектеп түлектері арасында алтын және күміс медаль иегерлері көбейіп, жоғары оқу орындарына түсу көрсеткіші артты.

1992 жылы жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілгеннен кейін оқу орнының аумағын көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Кейін мектеп аудан көлеміндегі алдыңғы қатарлы білім мекемелерінің біріне айналып, облыстық байқауда жүлделі үшінші орынды иеленді.

Қоғамдық қызметі

1989–1994 жылдары ауылдық округ депутаты болып сайланып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты.

2014 жылы жұбайымен бірге аудандық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанып, облыстық кезеңде марапатталды.

Марапаттары

  • «Ұлы Жеңіске 20 жыл» мерейтойлық медалі;
  • «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісі (1978);
  • «Қазақ КСР оқу ісінің озық қызметкері» белгісі (1990).

Отбасы

Жұбайы – Максатова Тамарахан Масимқызы, медицина қызметкері. Ұзақ жылдар бойы Тиірмен ауылында акушер және фельдшер болып еңбек еткен.

Отбасында төрт ұл және бір қыз тәрбиелеп өсірген.

Балалары әртүрлі салада еңбек етіп, ғылым, білім, инженерия және ақпараттық технологиялар бағытында қызмет атқарады. Олардың қатарында жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылым докторлары, инженерлер мен кәсіпкерлер бар.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер