Балсұлу Әділбекқызы Қондыбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:11, 2019 ж. желтоқсанның 2 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Балсұлу Әділбекқызы Қондыбаева (1955 жыл, қазіргі Құрық қаласы) – педагог, ҚР «Білім беру ісінің үздігі».

Өмірбаяны

  • М.Мәметова атындағы қыздар педагогика училищесін (1974)
  • ҚазПИ-ді (ҚазҰПУ) бітірген (1980)
  • 1974 жылдан Маңғыстау ауданының музыка мектебінде мұғалім,аудандық оқу бөлімінде әдіскер, облыстық білім басқармасында бас маман болды.
  • 2003 жылдан облыстық ғылыми-әдістемелік орталықта директор.

Жетістіктері, марапаттары мен еңбектері

  • Облыста музыка пәнінен «Аманат» бағдарламасын жасақтап, облыс мектептері 1996 – 2003 жылдары осы бағдарламамен жұмыс жасады. Осы бағдарлама бойынша мұғалімдерге арнап бірнеше әдістемелік құралдар жасақтаған.
  • «Музыка» пәнінен 7-сыныпқа арналған оқулықтың (2001) авторы.
  • «Жыр әнім менің – Маңғыстау» атты әндер жинағын (2003), маңғыстаулық А. Ербозова, Р.Еңсегенов, Қ.Тұрмағанбетовтердің әндері мен күйлерінің жинағын (2004), түпқарағандық Т.Қожабеков, И.Әбілқайыровтың өлең мен әндер жинағын (2005), бейнеулік үш арыс У.Қайралапов, Қ.Жылқыбаев, Ә.Жаманбаевтардың өлеңдер жинағын (2006) дайындап шығарды.
  • 2 дүркін Бүкілодақтық фестивальдың лауреаты
  • ҚР Білім министрлігінің Құрмет грамоталарымен (1993, 1994, 1997) марапатталған.

Үлгі:Бастама Үлгі:Суретсіз мақала