Қайша Атаханова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:30, 2020 ж. желтоқсанның 17 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Қайша Атаханова (18 шілде 1957 жыл, Қарағанды, Қаз КСР) — қазақ және кеңес биологі, радиациядан пайда болатын генетикалық бұзылыстардың маманы. Қазақстанға ядролық қалдықтарды кіргізбеу науқаны үшін қоршаған ортаны қорғау Голдман сыйлығының лауреаты.<ref name=":0" >Goldman Environmental Prize (2013-10-03), Kaisha Atakhanova: 2005 Goldman Prize winner, Kazakhstan, retrieved 2018-05-10</ref> Қарағандыдағы экологиялық орталықтың қалаушысы және бұрынғы басшысы<ref name=":1"> Nijhuis, Michelle (18 Apr 2005). «Kaisha Atakhanova fought to keep nuclear waste out of Kazakhstan». Grist. Retrieved January 6, 2008.</ref>.

Өмірбаяны

Қайша Атаханова 1957 жылы 18 шілдеде Қарағандыда, Қазақ ССР-да дүниеге келген. Әкесі шахтер Ұлы Отан соғысына қатысқан.<ref name=":2"> Pearce, Fred (7 May 2005). «Interview: After the bomb». New Scientist. Retrieved 2019-02-12.</ref>. Жылдар өткен сайын Қайша табиғатқа, жануарларға, қоршаған ортаға қызығушылық таныта бастады, бұл оның биологияны зерттеуге және қоршаған ортаны қорғауға атсалысуға итермелей бастады. Радиацияның залалын Қайша жастайынан білді,оның отбасынада ата-анасы да, әпкесі де қатерлі ісіктен қайтыс болған. Оның жалғыз ағасына да қатерлі ісік диагнозы қойылған еді.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті бітіргесін Атаханова Қайша биологиялық және экологиялық зерттеулер жүргізе бастады. Ядролық сәулелердің қосмекенділерге генетикалық әсерін құрбақаларға қарап, зерттеу жұмыстарын жасады. Радияцияның адамға, жануарлар мен қоршаған ортаға тигізетін залалын Семей полигонынды жүріп, жасаған зерттеулер арқылы дәлелдеген болатын<ref>«Semipalatinsk Test Site», Wikipedia, 2018-10-20, retrieved 2019-02-12</ref>.

1992 жылы Атаханова Қайша Қарағанды экологиялық орталығын ашып, радиацияның әсеріне ұшыраған адамдармен тікелей жұмыс істей бастады. Оның басты мақсаты адамдарға радиацияның денсаулыққа тигізетін үлкен әсерін хабарлау, жеткізу болды. Экологиялық орталықтың арқасында Атаханова Қазақстанда ядролық қалдықтарды коммерциялық әкелудің және кәдеге жаратудың алдын алу, болдырмау үшін науқанын басқарған болатын. Сонымен қатар Атаханова Қайша Әйелдер Жер Альянсының (ӘЖА) негізін қалаушыларының бірі болып есептеледі. Бұл ұйым әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және қоршаған ортаны қорғау үшін дағдыларды үйретуге көмектеседі<ref> «What We Do». Women’s Earth Alliance. Retrieved 2019-02-11.</ref>.

Марапаттары

  • Қоршаған ортаны қорғау Голдман сыйлығы (2005)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер