Расим Низамиұлы Аппасов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
04:36, 2023 ж. қарашаның 6 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету
Расим Низамиұлы Аппасов (11.5.1911 ж.т., Алматы облысы Қапал ауданы Қапал (Жамбыл облысы)) – биология ғылымдарының докторы (1969).
Алматы зоотехника-малдәрігерлік институтын бітірген (1933). 1949 ж. Қазақстан ғылым академиясының Зоология институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
Аппасовтың 40-қа жуық ғылыми еңбегі бар. Олар негізінен Қазақстандағы жабайы жануарлар мен малдың қанында, ішегінде кездесетін паразиттер және солар арқылы таралатын ауруларды зерттеуге арналған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>