Дәуіт Қошанұлы Нүкенов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Ғалым Дәуіт Қошанұлы Нүкенов (1949 ж. т., Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы) – инженер-ғалым, техника ғылымдарының кандидаты.

Өмірбаяны

Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

ҚазПТИ-ді (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1972).

1972 ж. Шевченко қаласындағы мұнай базасының бас инженері, 1974 – 76 ж. Қазақ мұнай ғылыми - зерттеу және жобалау институтында инженер-технолог, аға инженер, 1980 ж. №1 кәсіптік-техникалық мектептің директоры, 1983 – 86 ж. облыстық кәсіптік-техникалық білім басқармасы бастығының орынбасары, 1986 – 93 ж. Ақтау қаласы №1 жоғары кәсіптік мектебінің, 1996 – 2002 ж. Маңғыстау политехникалық колледжінің директоры.

2002 – 04 ж. «Мұнайжобалау» ЖШС директорының ғылым ісі жөніндегі орынбасары болды.

2005 жылдан Маңғыстау аймақтық геология инспекциясында аға маман.

Марапаттары

«Қазақстан Республикасы жер қойнауын бақылау ісінің үздігі» (2007) белгісінің иегері.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub