Абзал Темірғалиұлы Құспан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:16, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Абзал Темірғалиұлы Құспан (23 ақпан 1978 жыл, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық заңгер, саясаткер, қоғам қайраткері, 2023 жылдан бері Қазақстан Мәжілісінің депутаты.

Өмірбаяны

1995 жылы Абзал Құспан дарынды балаларға арналған Орал лицей-интернатын бітірген. 2000 жылы ол Қазақ мемлекеттік заң академиясының сот-прокурорлық факультетіндегі оқуын бітірді.

Еңбек жолын Құспан 2000 жылғы тамызда Қазақ мемлекеттік заң академиясының Орал қаласындағы филиалындағы оқытушы ретінде бастады. Бұл қызметте ол тек 3 ай бойы болды да, Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарындағы жұмысын бастады. Бұл жерде ол 2006 жылға дейін жұмыс істеді.<ref name="majilis" />

2006–2009 жылдары азаматтық-Экономикалық істер бойынша жеке практикамен айналысатын заңгер болып жұмыс істеді. 2009 жылдан 2023 жылға дейін ол Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі болған.<ref name="majilis" />

Прокуратурадан кеткеннен кейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласа бастады, пікірлестері Лұқпан Ахмедьяров пен Исатай Өтеповпен бірге «Абырой» қоғамдық бірлестігін құрып, зияндылық туралы алғашқылардың бірі болып дабыл қаққан.

2012 жылы Құспан «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорын құрды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2023 жылғы наурызда ол Мәжілістің VIII шақырылымының депутаты болып сайланды.

Саяси ұстанымы

2024 жылғы мамырда Құспан Астана паркінде серуендеген кезінде жариялаған әлеуметтік желідегі жазбасында астаналық жастардың орыстілдігіне қарсы шығып, оларды «өңшең намыссыз, арсыз қазақтар» деп атады.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Үлгі:Дәйексөз

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер