Айғазы Әмірланұлы Құсайынов
Үлгі:Кәсіпкер Айғазы Әмірланұлы Құсайынов (20 қыркүйек 1983 жыл, Алматы қаласы) — қазақстандық кәсіпкер, Verum Group және Charterhouse Kazakhstan компанияларының негізін қалаушысы, «Халықаралық білім беру корпорациясының» бақылау кеңесінің төрағасы, YPO Kazakhstan ұйымының мүшесі.
Мазмұны
Өмірбаяны
Білімі
1983 жылы 20 қыркүйекте Алматы қаласында ғалымдар отбасында дүниеге келді.<ref name=forbes1>Үлгі:Cite web</ref>
2000 жылы Қазақ-Америка университетінің мектебін бітірген. 2003 жылы Қазақ-Америка университетін (ҚАУ) «Қаржы» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.<ref name=paragraph>Үлгі:Cite web</ref>
2009 жылы «Өңірлік қаржы орталықтары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.<ref name=paragraph/>
Мансабы
2005–2008 жж. – Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының кеңесшісі.<ref name=paragraph/>
2008–2014 жж. – Халықаралық білім беру корпорациясының вице-президенті.<ref name=paragraph/>
2013 жылдан – Verum Construction компаниясының негізін қалаушысы.<ref name=paragraph/>
2017 жылдан – Verum Mining компаниясының негізін қалаушысы.<ref name=paragraph/>
2020 жылдан – Халықаралық білім беру корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы.<ref name=paragraph/>
2021 жылдан – Verum Agro компаниясының негізін қалаушысы.<ref name=paragraph/>
2024 жылдан – Charterhouse School Almaty компаниясының негізін қалаушысы.<ref name=forbes2>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Кәсіпкерлік қызметі
Айғазы Құсайыновтың кәсіпкерлігі 3 негізгі саланы қамтиды: білім беру және білім технологиялары, тау-кен өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы.
Білім беру саласында ол сапалы білім алуға қолжетімділікті арттырып, білім беру инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуда. Айғазы Құсайынов – ҚазБСҚА мен ҚАУ жоғары оқу орындарын біріктіретін «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС-нің бақылау кеңесінің төрағасы.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
ҚазБСҚА – сәулетшілер, құрылысшылар және дизайнерлер дайындайтын жетекші жоғары оқу орын, академияда кадр даярлаудың бес сатылы жүйесі енгізілген: мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура.<ref name=forbes1/>
Қазақ-Америка университеті (ҚАУ) – бастауыш, орта және жоғары білім беруді біріктірген білім мекемесі. Бұл университет - ТМД аймағында Америкалық колледждер мен университеттер қауымдастығының жалғыз мүшесі, Еуропа мен АҚШ оқу орындарымен тығыз байланыс орнатты.<ref name=forbes1/>
ХБК 32 бакалавриат, 9 магистратура және 6 докторантура бағдарламасын ұсынады. Корпорацияда 15 мыңнан астам студент білім алады. ХБК-ның инфрақұрылымы өте ауқымды – жалпы ауданы 70 мың шаршы метрді құрайтын 7 оқу корпусы 11 гектар жерді алып жатыр. Кампус аумағында барлығы қарастырылған: оқу корпустарынан бастап, спорт кешені мен 900 орындық жатақханаға дейін.
2017 жылдан бастап Айғазы Құсайынов тау-кен өнеркәсібінде жұмыс істейді. Екі флотациялық фабриканы және катодты мыс өндіретін зауытты іске қосты. Қазіргі таңда үшінші жобаны іске асырады.<ref name=forbes3>Үлгі:Cite web</ref>
2021 жылы ауыл шаруашылығына бағытталған «Verum Agro» компаниясын құрды. Сол жылы Солтүстік Қазақстан облысынан 10 мың гектар жер алып, егіншілікпен айналыса бастады. Компаниясының болашақ жоспарында – құрама жем өндірісі мен құс фабрикаларын салу мен пайдалану.<ref name=forbes3/>
Қоғамдық қызметі
2023 жылдан – Қазақстандық тау-кен палатасы бақылау кеңесінің тәуелсіз мүшесі.<ref name=paragraph/>
2023 жылдан – YPO (Young Presidents Organization) ұйымының мүшесі.
2024 жылдан – «IQanat» қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің мүшесі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2024 жылдан – «Parasat» бизнес-клубының мүшесі.
2021 жылы «Халықаралық білім беру корпорациясы» бақылау кеңесінің төрағасы Айғазы Құсайынов атынан Қазақстан азаматы болып табылмайтын, бірақ ұлты қазақ болатын азаматтар үшін «Отанға барар жол» байқауын жариялады. Байқау негізінде ХБК бүкіл оқу кезеңіне ішкі гранттар бөлді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
«Iqanat» қоғамдық қорындағы Күршім ауданының қамқоршысы ретінде ауылдық жерлерден шыққан дарынды оқушыларға Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында білім алу үшін гранттарын бөлді.
2024 жылы Айғазы Құсайынов су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан өңірлерінің оқушылары үшін бүкіл оқу уақытына 10 грант бөлді.
Отбасы
Әкесі – Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов, әйгілі қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик.<ref name=forbes3/>
Анасы – Қырмызы Әйткенқызы Құсайынова, биология ғылымдарының кандидаты.
Атасы – лингвист Айдарбек Нұрымұлы Құсайынов. Әжесі – лингвистика ғылымдарының кандидаты, профессор Ғазиза Қасқайқызы Құсайынова.
Үйленген, үш баласы бар.<ref name=paragraph/>