Бақытжан Жұмаханұлы Смағұлов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:15, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

СМАҒҰЛОВ (Ысмағұлов) Бақытжан Жұмаханұлы (4.11. 1965 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Шар қаласы) — балет артисі, Қазақстанның халық артисі (1995). 1984 ж. Санкт-Петербургтегі А.Я. Ваганова атындағы мемлекеттік хореографиялық учелищесін (педагог Ю.И. Умрихин) бітірген. 1984 — 95 ж. Қазақтың мемлекеттік академмия опера және балет театры құрамында соло-биші болып, осы театрда әр жылдары қойылған А.Л. Рыбников (“Юнона мен Авось”), А.И. Хачатурян (“Спартак”), Л.Ф. Минкус (“Баядерка”, “Дон Кихот”) пен А.Аданның (“Жизель”), т.б. композиторлардың балеттерінде негізгі партияларды орындады. Республикалық “Жігер” фестивалінің (1988), Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жас бишілер мен балетмейстерлер конкурсының (3-орын, 1988), сондай-ақ Варна мен Парижде өткен Халықаралық бишілер конкурсының (2-орын) лауреаты атанды. 1995 жылдан Қазанда Татардың мемлекеттік опера және балет театры құрамында қызмет етеді.

<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 7 том</ref>

Пайдаланылған cілтемелер

<references/>

Үлгі:Wikify


Үлгі:Stub