Райс Қажыкенұлы Төлебаев
Төлебаев Райыс Қажыкенұлы (15 Қаңтар 1941 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар станциясы) – медицина ғылымының докторы (1992), профессор (1994), Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі (2003), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002).
Қысқаша өмірбаяны:
1964 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.
1964–1967 жылдары Жамбыл облысында дәрігер.
1970–1975 жылдары Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтында директор.
1975–1987 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде директор.
1987–1991 жылдары Гигиена және кәсіби аурулар ғылыми-зерттеу институтының Өскемен бөлімшесінде директор.
1993–1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында ректор.
1997–2001 жылдары Астана мемлекеттік медицина академиясында ректор болды.
2001 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Негізгі ғылыми еңбектері оториноларингология мәселелеріне арналған.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер:
<references/>
- Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы ректорлары
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 17 қаңтарда туғандар
- 1941 жылы туғандар
- Еңбек ардагері медалінің иегерлері (КСРО)
- Астана медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Алфавит бойынша ғалымдар
- Медицина ғылымдарының докторлары