Тұрлан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

ТұрланШымкент қалалық әкімдігіне қарасты кент, кенттік округ орталығы. Шымкент қаласынан солтүстікөлібатысқа қарай 15 км жерде орналасқан. Тұрғыны 3,5 мың адам (2005). Іргесі Тұрлан геофизика экспедицияның (1949) Кентау қаласы маңына келіп орналасуына байланысты 1962 жылы қаланған. Тұрланда мәдени-ағарту мекемелерімен қатар “Су ресурсы – маркетинг” ЖШС, “Энергоцентр-3” АҚ, “Тұранэнерго” МКҰ, т.б. жұмыс істейді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub