Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:15, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова.JPG
Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова

Светлана Жақияқызы Жалмағамбетова (1948 жылы туған, Ерейментау ауданы Благодатное ауылы) – қоғам және мемлекет қайраткері. ҚР-на еңб. сің. қызметкер.

Қарағанды политех. институтын бітірген (1971). 1971 – 80 жылы «Целиноградсельмаш» з-тында комсомол комитетінің хатшысы, бөлім бас технигі, инженер-конструктор, конструкторлық бюро басшысы, 1980 – 82 жылы Целиноград қаласылық партия комитетінің нұсқаушысы, 1982 – 83 жылы Ленин ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1983 – 85 жылы «Целиноградсельмаш» з-тында партия комитетінің хатшысы, 1985 – 87 жылы Целиноград облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1987 – 89 жылы Совет ауданы партия комитетінің 1-хатшысы, 1989 – 91 жылы Целиноград облысы партия комитетінің бөлім бастығы, 1991 – 92 жылы сонда жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992 – 2003 жылы облысыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. ҚР Парламенті Сенатының депутаты (2003, 2008). «Құрмет», ТМД елдерінің «Достастық» ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Қызы - Жанар Бирер (1979 жылы туған), заңгер. Немересі - Эмир Бирер (2007 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>