Азамат Кемеңгерұлы Әмрин
Азамат Кемеңгерұлы Әмрин (25 сәуір 1973 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, экономист және қаржыгер, 2025 жылдан бері қызметтегі Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары. 2008–2011 жылдары Әмрин Шал ақын ауданының әкімі.
Өмірбаяны
1973 жылы 25 сәуірде Әмрин Солтүстік Қазақстан облысының Совет ауданындағы Полтавка ауылында дүниеге келді. Арғын тайпасының Атығай руынан шыққан.<ref>Үлгі:Кітап</ref>
Әмрин мансабын 1989 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мәскеу ауданындағы Корнеевский кеңшарында (совхоз) жұмысшы, комбайншы көмекшісі болып бастады.
1996 жылы ол Ақмола ауылшаруашылық институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша аяқтап, Астанаға келгеннен кейін 1 жыл Сары-Арқа агроөнеркәсіптік кешенінде экономист-менеджер болып еңбектенді.
Бұдан бастап Әмрин Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінде қызмет етті.
1997—1999 жылдары ол СҚО бойынша салық басқармасында аға салық инспекторы болса, 1999 жылдан 2000 жылға дейін СҚО бойынша салық комитетінің мәжбүрлеп өндіру басқармасының бөлім бастығы болды.
2000 жылдан 2002 жылға дейін Әмрин Мамлют ауданы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары еді. 2002—2004 жылдары ол — Шал ақын ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.
2004 жылдан 2008 жылға дейін ол СҚО бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары болды.
2008 жылы Әмрин Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтап СҚО әкімінің қаулысымен Шал ақын ауданының әкімі болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
2011 жылы ол лауазымынан босатылып, СҚО бойынша Қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2011 жылғы шілдеде ол ұрлық және жалғандық жасады деген күдікке ілінгендіктен лауазымынан уақытша шеттетілді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Енді Әмриннің мансабы Экономика министрлігінде бой көтерді.
2013 жылы ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары болса, 2015 жылы директоры болып тағайындалды.
5 жыл бойы салық және кеден саясаты департаментінің директоры болып, 2020 жылғы қазанда Әмрин Үкімет бұйрығымен Ұлттық экономика министрінің орынбасары болып тағайындалса, 2025 жылғы ақпанда Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
Марапаттары мен атақтары
Әмриннің марапаттары мен атақтары:
- ІІІ дәрежелі Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін медалі (2015);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- Үздік мемлекеттік қызметші төсбелгісі (2017);
- І дәрежелі Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін медалі (2019);<ref>Үлгі:Cite web</ref>
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалі (2020);
- Құрмет ордені (2021).<ref>Үлгі:Cite web</ref>