Аққұм құмды түбек
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аққұм — Балқаш көлінің оңтүстігіндегі құмды түбек. Көлге оңтүстік батыстан солтүстік - шығысқа қарай сұғына еніп жатыр. Ауданы 23 км2, ұзындығы 9 км, ені 2-4 км. Жағалауы құмдауытты. Жері үйме және сусыма құмды келеді. Жүзгін, қоян-сүйек, теріскен, жағаға жақын ойыста жыңғыл, жағалауында құрақ қамыс өседі. Аққұм — қысқы мал жайылымы. Жауын-шашының жылдық орташа мөлш. 150-200 мм. Қаңтар айының орташа температурасы — 15-160С, шілде айында 22-240С.