Владимир Робертович Беккер

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:43, 2026 ж. маусымның 10 кезіндегі NaziraBimakova (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Владимир Робертович Беккер (18 қараша 1965 жыл, Үржар ауданы, Семей облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, төтенше жағдайлар органдарының ардагері және генерал-майор. Беккер 2016–2020 жылдары Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы болды.

Өмірбаяны

  • 1965 жылы 18 қарашада Семей облысы Үржар ауданы Благодатное ауылында дүниеге келген.
  • 1997 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген.
  • 1983 жылдың қарашасынан 1985 жылдың желтоқсанына дейін КСРО Қарулы Күштерінде қызмет атқарды.
  • 1986 жылдан 1991 жылға дейін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында әртүрлі орта және аға басшы лауазымдарды атқарды.
  • 1991 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы қыркүйекке дейін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарда.
  • 2008 жылдың қазан айынан бастап — Қазақстан Республикасы ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2014 жылдың қазан айынан бастап — Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2016 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қазанға дейін — Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы[2]. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 472 Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді.
  • 2020 жылдың қыркүйегінде ол лайықты демалысқа кетті.
  • 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап «КӘАҚҚ РО» ЖШС Бас директорының бұйрығымен «КӘАҚҚ РО» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

Марапаттар

  • II дәрежелі «Айбын» ордені;
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
  • I, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдары;
  • Ведомстволық медаль «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»;
  • «Төтенше жағдайлар органының ардагері» медалі;
  • «Өртке қарсы қызмет үздігі» төсбелгісі;
  • «Төтенше жағдайлар органының құрметті қызметкері» төсбелгісі.