Айгүл Болатқызы Майдырова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Айгүл Болатқызы Майдырова — экономика ғылымының докторы (1998), профессор (2006).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1962 жылы 20 қазанда Атырау облысы, Индер ауданы, қазіргі Есбол ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1984, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1984-85 жылдары Гурьев педагогикалық институты]]нда (қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) оқытушы, 1985-87 жылдары ҚазМУ-да стажер, 1990-95 жылдары Қазақ дене тәрбиесі институтында (қазіргі Қазақ спорт және туризм академиясы), 1995-2002 жылдары Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде доцент, 2003-05 жылдары Еуразия ұлттық университеті Экономика институтының директоры, 2006-07 жылдары Қазақ экономика университетінде декан, 2007 жылдан ҚР Президенті жанындағы Мемлекетті басқару академиясында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2018 жылдан Еуразия ұлттық университетінің "Экономика және кәсіпкерлік" кафедрасында қызметте.<ref>ЕҰУ. Профессорлық-оқытушылық құрам.</ref>

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Ақпараттық экономика жағдайындағы адами капитал және оның Қазақстандағы тұтас экономикалық қарым-қатынастар жүйесінің қалыптасуына әсері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
83 ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 жекелей, ұжымдық монографияның, 3 оқу құралының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер