Айнаш Пахуашқызы Науанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:33, 2026 ж. наурыздың 31 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Айнаш Пахуашқызы Науанова — биология ғылымының докторы (2005), профессор (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1967 жылы 21 шілдеде Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1990, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті), Қазақ агротехникалық университетінің аспирантурасын (1999) бітірген. 1990-96 жылдары Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде аға оқытушы, оқу бөлімі бастығының орынбасары, аға ғылыми қызметкер, доцент (2000-06) қызметтерін атқарған. 2007 жылдан кафедра меңгерушісі, топырақтану және агрохимия кафедрасының профессоры (2016), агрономия факультетінің деканы (2020-2021).

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – микробиология, биотехнология және өсімдікті қорғау салалары.
"Астық дақылдарының тамыр шірігі және тұқымының альтернариоз қоздырғыштары – микроскоптық саңырауқұлақтардың биологиясы мен агроэкологиясы және олармен күресудің тәсілдерін жақстарту" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 2 оқу құралы, 2 әдістемелік нұсқау, 9 өнертабыстың авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер