Меруерт Хуатқызы Әбусейітова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Меруерт Қуатқызы Әбусейітова (1951 жылы 15 шілдеде Алматыда туған) — орта ғасырды зерттеуші шығыстанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1998), профессор (2001). Р.Сулейменов атындағы Шығыстану институтының директоры ().

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының мүшесі. Қазақ, орыс, ағылшын, француз, түрік, парсы тілдерін меңгерген<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Өмірбаяны

1951 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі Абусеитов Хуат Әшірбекұлы (1925-2003) Павлодар облысы, Баянауыл тумасы, кинорежиссер<ref>Үлгі:Cite web</ref>. Анасы Абусеитова Майра Бекжумановна (1925-1996), кинорежиссер.

1987 – 1988 жылдары КСРО ҒА Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінің докторантурасы.

1974 – 1977 жылдары КСРО ҒА Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінің аспирантурасы.

1968 – 1974 жылдары С.М. Киров атындағы ҚазМУ, тарих факультеті, арнайы бөлім.

1978 — 1992 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері болды.

1992-1996 жылдары ҚР ҒМ Ғылым Акедемиясының Шығыстану институты директорының орынбасары.

1998 жылдан Шығыстану институтының директоры.

Ғылыми қызметі

1998 жылғы 26 маусым – тарих ғылымдарының докторы (тақырыбы – «XV-XVII ғғ. Қазақстан және Орталық Азия: тарих, саясат, дипломатия» («Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв.: история, политика, дипломатия»), шифры және мамандығы: 07.00.09 – Тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері; 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы); Алматы қаласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында.

1979 жылғы 6 сәуір – тарих ғылымдарының кандидаты (тақырыбы – «XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы», («Казахское ханство во второй половине XVI столетия») шифры және мамандығы: 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы); Алматы қаласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында). ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі (2013), профессор (2001), доцент (2001).

Ғылыми жобалар

  • «Қазақстанның Шығыс елдерімен тарихи-мәдени және саяси-экономикалық өзара қарым-қатынастары» (2000-2002)
  • «Қазақстанның Шығыс елдерімен тарихи-мәдени және саяси-экономикалық өзара қарым-қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін зерттеу» (2003-2005).
  • «Орталық Азия мен Шығыс елдерінің интеграциялық үдерістеріндегі Қазақстан: тарихы мен қазіргі жағдайы» (2006-2008).
  • «Шығыс және Батыс өркениеттерінің өзара әрекеттесу жүйесіндегі Қазақстан: саяси, әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени үрдістер мен перспективалар» (2009-2011).
  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Шығыстану» секциясының жетекшісі. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында «Шығыс деректеріндегі Қазақстан тарихы» атты 21 томдық басылым жарық көрді.
  • «Жібек жолының тарихи орталықтарын жаңғырту, түркітілдес мемлекеттер мәдениетін сақтау және сабақтастықпен дамыту».
  • ЮНЕСКО-ның әлеуметтік және қоғамдық ғылымдар секторының қамқорлығымен М.Х. Абусеитова Орталық Азиядағы әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша Ұлттық стратегияны, сондай-ақ аймақтық стратегияны талқылауға және әзірлеуге қатысты.

Халықаралық жобалардың жетекшісі

  • «Цин әулеті кезеңіндегі қазақ-қытай өзара қарым-қатынастары туралы мұрағаттық құжаттар жинағы» (Қытайдың Бірінші тарихи мұрағатымен бірлесе, 2006-2010)
  • «Орталық Азия тарихы: көне дәуір, орта ғасырлар және қазіргі заман» (2006-2007)
  • «Орталық Азия өнері» (2006-2007)

Жарияланымдары

Монографиялары мен оқулықтар:

  • «XVI ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығы» (1985)<ref>Үлгі:Cite book</ref>;
  • Өтеміс қажы «Шыңғыз-наме» (1992);
  • «XV–XVII ғғ. Қазақстан және Орталық Азия: тарих, саясат, дипломатия» (1998);
  • «Қазақстан мен Орталық Азия тарихы» (2001); «XV–XVIII ғғ. Қазақстан мен Орталық Азия тарихы мен мәдениеті бойынша жазба дереккөздер» (биобиблиографиялық шолу) (2001);
  • «Қазақстандағы аз санды халықтардың тарихы мен мәдениеті» (10-сыныпқа арналған, 2001);
  • «Алматы қаласының тарихы мен мәдениеті бойынша жазба дереккөздер (VIII ғасыр – XX ғасырдың басы)» (2008);
  • «History of Kazakhstan in Eastern Miniatures» (2010)<ref>Үлгі:Cite book</ref>

М.Х. Абусеитова жетекшілігімен 17 кандидаттық, 7 докторлық жұмыс қорғалды (соның ішінде АҚШ, Жапония, Франциядан келген).

  • Абусеитова М. Х. Некоторые вопросы политической истории казахских ханств во второй половине ХVI в. // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока. XIV годичная научная сессия ЛО ИВ АН СССР (доклады и сообщения). Декабрь 1978 г. Часть 1. М.: Наука, ГРВЛ, 1979. С. 72—75.
  • Абусеитова М. Х. «Ахсан ат-таварих» Хасан-бека Румлу как источник по истории казахских ханств // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока. XII годичная научная сессия ЛО ИВ АН СССР (краткие сообщения). Часть 1. М.: ГРВЛ, 1977. С. 96—99.
  • Абусеитова М. Х. О ташкентском и ленинградском списках «Мусаххир ал-билад» // Письменные памятники и проблемы истории культуры народов Востока. XIII годичная научная сессия ЛО ИВ АН СССР (краткие сообщения). Октябрь 1977 г. М.: Наука, ГРВЛ, 1977. С. 70—74.
  • Абусеитова М.Х., Абылхожин Ж.Б., Кляшторный С.Г., Масанов Н.Э., Султанов Т.И., Хазанов А.М. История Казахстана и Центральной Азии. Учебное пособие. Издательство «Бiлiм». 2001. 620 с.
  • Абусеитова, Меруерт Хуатовна. Письменные источники по истории и культуре Казахстана и Центральной Азии в XIII-XVIII вв. : Биобиблиографические обзоры = Written sources on history and culture of Kazakhstan and Central Asia in XIIIth-XVIIIth centuries : Bio-bibliographical surveys / М. Х. Абусеитова, Ю. Г. Баранова ; Институт востоковедения им. Р.Б. Сулейменова. - Алматы : Дайк-пресс, 2001. - 422 с. + 2 л. ил. - (Казахстанские востоковедные исследования). - ISBN 9965-441-59-6
  • Абусеитова, Меруерт Хуатовна. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. : История, политика, дипломатия = Kazakhstan and Central Asia in 15th-17th cc. : History, policy, diplomacy / М. Х. Абусеитова ; Академия наук Республики Казахстан, Институт востоковедения им. Р.Б. Сулейменова. - Алматы : Дайк-пресс, 1998. - 264 с. : ил. - (Казахстанские востоковедные исследования). - ISBN 9965-441-01-4

Қоғамдық қызметі

  • Институт жанындағы ЮНЕСКО-ның «Ғылым және руханият» кафедрасының меңгерушісі,
  • Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі,
  • «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшесі, «Шығыстану» секциясының жетекшісі,
  • Орталық Азияны зерттеу бойынша Еуропалық Ассоциациясының (ESCAS) Басқарма мүшесі,
  • Орталық Азия бойынша Еуропалық Бақылау кеңесінің мүшесі,
  • ЮНЕСКО жанындағы Көшпелі өркениеттер халықаралық институтының Қазақстаннан мүшесі (IINS),
  • Бүкіләлемдік шығыстанушылар конгресін (ICANAS) өткізу жөніндегі Халықаралық ұйымдастыру комитетінің мүшесі (Мәскеу, 2004),
  • ҚР СІМ Сыртқы саясат жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі,
  • «Қазақстандық шығыстану зерттеулері» сериясының редакция алқасы төрағасының орынбасары,
  • Институт жанындағы тарихи ғылымдар бойынша Диссертациялық кеңестің төрағасы (2003-2010),
  • Халықаралық геральдикалық және генеалогиялық зерттеулер Азиялық қорының толық мүшесі (Астана, 2007),
  • Қазақстандық геральдикалық алқаның толық мүшесі (Астана, 2007).

Марапаттары

Отбасы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер