Төлеген Бұланбайұлы Бақтыбаев
Үлгі:Тұлға Төлеген Бұланбайұлы Бақтыбаев (9 мамыр 1931, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Өндіріс ауылы – 11 маусым 2022) — еңбек ардагері, ұстаз, ауыл шаруашылығы мен білім беру саласының майталманы, қоғам қайраткері, Астрахан ауданының Құрметті азаматы. Ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан.
Мазмұны
Өмірбаяны
Төлеген Бұланбайұлы Бақтыбаев 1931 жылы 9 мамырда қазіргі Ақмола облысы Астрахан ауданына қарасты Өндіріс ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыр кезеңдермен тұспа-тұс келді. Осы жылдары ауылдағы еңбекке ерте араласты.<ref name=":0">Бақтыбаев Т. Б. Тағдыр тынысы. — Астана, 2014.</ref>
Алғашқы білімін туған ауылында алып, кейін Қарағанды педагогикалық институтына түсіп, «тіл-әдебиет мұғалімі» мамандығын алады. 1956 жылы Алғабас жетіжылдық мектебіне мұғалім болып орналасып, кейін осы мектепте жеті жыл бойы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Төлеген Бұланбайұлы 1972 жылдан 1996 жылға дейін Астрахан ауданының «Өндіріс» орта мектебінің директоры болды.<ref>Бақтыбаев Т. Б. Шапағат шуағы. — Астана: Арай баспасы, 2006.</ref>
Сонымен қатар, еңбек жолында ауыл шаруашылығы саласына да араласып, колхоздың дала бригадасында есепші, кейін әртүрлі өндірістік және ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарды. Егіншілік пен мал шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға белсене қатысты.<ref name=":0" />
2022 жылдың 11 маусымында дүниеден озды.
Қоғамдық қызметі
Еңбек қызметімен қатар ауылдың мәдени және әлеуметтік өміріне белсене араласты. Ардагер ретінде аудан көлемінде өткізілетін қоғамдық шараларға қатысып, жастар тәрбиесіне, олардың бойына отансүйгіштік пен еңбекқорлық қасиеттерді сіңіруге ерекше көңіл бөлді. Ол Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы мен білім беру саласының дамуына, еңбек ұжымдарының қалыптасуына белсенді атсалысқан тұлға.<ref name=":1" />
Марапаттары мен атақтары
- Қазақ КСР және КСРО ағарту ісінің үздігі;
- Астрахан ауданының Құрметті азаматы;
- «Еңбек ардагері» медалі;
- «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі;
- «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл», «60 жыл», «70 жыл» мерейтойлық медальдары;
- КСРО өнерпаздар жарысының лауреаты және Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауының дипломанты.<ref name=":1">Астрахан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің өлкетану материалдары мен деректері.</ref>
Педагогикалық тәжірибесі аудандық, облыстық және республикалық деңгейде бағаланып, еңбектері баспасөз беттерінде жарияланған. Сондай-ақ, Ақмола облысы ақындарының 1958 жылғы айтысына қатысып, жүлделі орын иеленген.<ref name=":1" />
Шығармашылығы
Төлеген Бақтыбаевтың авторлығымен бірнеше естелік-ғұмырнамалық кітаптар жарық көрді:
- «Шапағат шуағы» (Астана, «Арай» баспасы, 2006 жыл);<ref name=":0" />
- «Тағдыр тынысы» (Астана, 2014 жыл).<ref name=":0" />
Отбасы
Отбасылы болған, 2 қыз және 3 ұл тәрбиелеп өсірген.<ref name=":1" />