Алсай Төлеуұлы Жұманов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әскери қайраткер Алсай Төлеуұлы Жұманов (2 қараша 1962, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР) — Қазақстанның әскери қайраткері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы (2011-2013), авиация генерал-майоры.

Өмірбаяны

1962 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген.

Алсай Жұманов орта мектепті бітірген соң Ставрополь жоғары әскери авиация училищесіне оқуға түседі.

1985 жылы ұшу факультетін бітірді. КСРО-ның әртүрлі гарнизондарында, соның ішінде Курил аралдарында қызмет етті.

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға келді. Алғашқы қызмет орны Луговая әуеайлағында, кейін Гагарин атындағы академияда оқыды.

2003 жылы академияны бітіргеннен кейін Луговск авиабазасының командирі, содан кейін Қарағандыдағы Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы авиабазаның командирі болып тағайындалды.

Мерген-ұшқыш әртүрлі типтегі ұшақтарда 1500 сағаттан астам ұшу уақыты бар. Л-29, Л-39, МиГ-21, МиГ-23, МиГ-29, МиГ-31 ұшақтарын меңгерген.

2005 жылы Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының Әуе күштері бойынша орынбасары болып тағайындалды.

2010 жылы 5 мамырда оған авиация генерал-майоры әскери атағы берілді.

2011 жылдың 16 ақпанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2013 жылдың 5 шілдесінде қызметінен босатылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Марапаттары

  • II дәрежелі «Даңқ» ордені (2012)
  • «Астанаға 20 жыл» медалі (2018)

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер