Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:40, 2024 ж. қарашаның 1 кезіндегі Орел Карл (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Жандарбек Сәдуұлы Жанзақов (8 қаңтар 1966, Речное ауылы, Демьянов ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жоғары қолбасшылығының өкілі, вице-адмирал, Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы (2009-2018).

Өмірбаяны

1966 жылы 8 қаңтарда Қостанай облысы, Демьянов ауданы, Речное ауылында дүниеге келген.

Орта мектепті бітірген соң 1983 жылдан 1988 жылға дейін С.О. Макаров атындағы Тынық мұхиты жоғары әскери-теңіз мектебінде «Кемені қаруландыру» мамандығы бойынша курсант болды.

1988 жылдан бастап офицерлік қызметте істейді.

1988-1995 жылдары — үлкен сүңгуір қайықтағы торпедо тобының командирі болды.

1995-2000 жылдары — жеке кемелер дивизиясының командирі болды.

2000-2003 жылдары — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар басшылары комитетінің Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері, бөлім басшысы қызметін атқарды.

2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық қорғаныс университетінде білім алды.

2003-2008 жылдары — Әскери-теңіз күштері басқармасының басшысы, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары болды.

2008-2010 жылдары — Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігі Бас штабының Әскери академиясының тыңдаушысы болды.

2008-2009 жылдары — Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы – Қазақстан Республикасы ҚК ӘТК Бас штабының басшысы болды.

2009 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен оған вице-адмирал шені берілді.

2018 жылғы 18 сәуірде Мемлекет басшысының Өкімімен Жанзақов Жандарбек Сәдуұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2020 жылдың 21 мамырында Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Жандарбек Жанзақов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен алты жылға бас бостандығынан айырылып, сот шешімімен вице-адмирал әскери атағынан айырылды. Әскери прокуратураның мәліметінше, офицер флоттың қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзып, кемелерді арқандап тұрғаны үшін кінәлі<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2023 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Жандарбек Жанзақовқа қатысты ақтау үкімін шығарды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер