Ерлік Серікбайұлы Тайжанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Ерлік Серікбайұлы Тайжанов (30.05.1960 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы, «Украинское» кеңшары) - Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Қазақ.

Өмірбаяны

  • Қарағанды Жоғары милиция мектебінің тергеу факультетін бітірген (1984), тергеуші-криминалист.
  • Заң ғылымдарының кандидаты (2004). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ҚР кеден саласындағы ҮҚБ жедел іздестіру қызметі».
  • 1977 жылдан - СҚО «Благовещенск» кеңшарында механизатор.
  • 1984 жылдан - КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы әскери қызметте; Қызылорда облысы бойынша МҚКБ жедел және тергеу белімшелерінде қызметте.
  • 1993 жылдан - СҚО бойынша ҚР ҰҚКД Кадрлар басқармасында басшылық қызметте.
  • 2001-2009 жылдары - Астана қаласы бойынша ҚР ҰҚКД бастығы.

Қоғамдық қызметі

  • Құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің, Астана қаласының әлеуметтік-профилактикалық тәртіп бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі.
  • ҚР каратэ-до федерациясының құрметті президенті (Астана, 2005).

Марапаттары

  • «КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» (1988)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
  • «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» (2002)
  • «Мінсіз қызметі үшін» (2002)
  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Құрметті қызметкері (2004).

Шендері

  • Генерал-майор.

Отбасы

  • Әкесі - Тайжанов Серікбай, зейнеткер, ауылшаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері. Анасы - Байтулина Алтынсары, зейнеткер, білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері.
  • Үйленген. Жұбайы -Тайжанова Роза Алғалиқызы, мұғалім.
  • Ұлы - Марсбек (1982 жылы туған);
  • қыздары - Меруерт (1986 жылы туған), Әйгерім (1990 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала