Қазан шұңқыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:55, 2025 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қазан шұңқыр — физикалық географиядағы түрі аңғарға ұқсамайтын, барлық жағынан тұйық немесе бір жағынан, болмаса өзеннің дренаждауынан қарама-қарсы екі жағы ашық болатын жер бетіндегі ойпаңдар. Қазан шұңқырдан өзен ағып шықпайды, немесе ағып шығуы табиғи бөгелуден қиындайды. Жаралуына және даму тарихына байланысты қазан шұңқырдың профилі табақ, қазан немесе конус тәрізді болуы мүмкін, Жаралуы жағынан қазан шұңқыр тектоникалық, вулкандық, эрозиялық, мұздықтық, эолдық, аккумулятивтік, эрозиялық-бөгемелік, карстық, опырымдық, органогендік, антропогендік, т.б. болуы мүмкін; ағын режимі жағынан — ағып өтетін, ағынды, ағынсыз болады. Кейде «Қазан шұңқыр» термині кең мағынада, депрессияның синонимі ретінде пайдаланылады. Теңіз геоморфологиясында қазан шұңқыр деп ең терең болмаса да, кең жайпақ болып келетін, Дүниежүзілік мұхиттың (Шығыс-Тынық мұхит, Үнді-Австралия қазан шұңқыры тағы басқалар) түбі де ұғылады.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub