Жердің температуралық белдеулері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:08, 2014 ж. мамырдың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Жердің температуралық белдеулері — Жер бес температуралық белдеуге бөлінеді: ыстық, екі қоңыржай және екі суық. Белдеуаралық шекаралар изотермалар арқылы белгіленеді. Ыстық белдеудің солтүстік пен оңтүстік шекаралары жылы + 20°-тық изотерма арқылы белгіленеді, яғни ыстық белдеуге жыл бойында орта температура +20°-тан төмен түспейтін аймақтар жатады. Бұл изотерма пальманың таралу шегіне едәуір сәйкес келеді. Әрі қарай қоңыржай белдеулер басталады. Олардың полярлық шекаралары ең ыстық айдың +10°-тың орта изотермасы арқылы белгіленеді. Үйткені ыстық айдың +10°-тың орта температурасы ағашты өсімдіктердің таралған алаптарының солтүстік шегімен сөйкес келеді, бұдан кейін суық (полярлық) белдеулер орналасады.

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub