Есенаман Боранбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
01:45, 2019 ж. мамырдың 14 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Есенаман Боранбайұлы (1782, Бөкей ордасы, Нарын құмы - ө. ж. б.) - батыр. Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліске қатысқан. Исатайдың ауылдасы әрі ағайыны. Жекпе-жекке биімділігімен аты шыққан.

1824 жылы Исатаймен бірге әуелі Орал, кейін Орынбордың Ордоносгауз түрмесінде бірге отырған. Көтеріліс тарихына қатысты құжаттарда оның есімі Тастөбе шайқасынан кейін аталмайды, сол шайқаста қаза тапқан болуы мүмкін.<ref>Қазақстан энциклопедиясы "Қазақстан тарихы" ("Аруна" баспасы, Алматы 2010)</ref><ref>Сарай Ә, Исатай - Махамбет тарихы, А., 1997.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер