Сауыр-Жарма мыс кенді белдеуі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:09, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Сауыр-Жарма мыс кенді белдеуіШығыс Қазақстан облысы жеріндегі мыс кенді геологиялық құрылым. Оңтүстік-шығыста Сауыр, Маңырақ тауларынан бастап, Шар өзенінің алабы арқылы солтүстік-батыстағы Дегелең тауларына дейін созылған. Ұзындығы 450-500 км, ені 30-80 км.

Геологиялық құрылымы, құрамы

Геологиялық тұрғыдан алғанда Сауыр-Жарма мыс кенді белдеуі Шыңғыс-Тарбағатай каледонидтерімен терең жарылыс арқылы шектесетін Зайсан геосинклиналь жүйесінің оңтүстік–батыс қанаты болып саналады. Мұнда жоғарғы палеозойдың шөгінді-вулкантекті жыныстары, гранитоидтар, негізді және ультранегізді интрузиялар тараған герцин тектогенезінің сауыр фазасымен байланысты түзілген андезит, дацит, липарит құрамды эффузиялық жыныстары мен гранитоид интрузиялары бір тұтас орогендік-вулкандық белдеу құрайды. Белдеудегі гранитоидтарда мыс порфирлі (Қызылқайың, Кенсай), негіз құрамды интрузияларда никелді мыс (Мақсұт), гипербазиттердің үгілу қыртысында силикаттық никель (Горностай т.б. ) кендері тараған. Мыс-порфирлі және никелді мыс кендерінің келешегі зор.<ref> Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub