Сеперлі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Тау Сеперлі – Матай жотасының орта бөлігінен өтетін асу.
Географиялық орны
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы, Қоянкөз ауылының шығысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2257 м. Асудан сəуір–қазан айларында салт атты адам өте алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдан Байғазы өзені бастау алады.
Өсімдігі
Биік белдеуінде мойыл, қараған, тобылғы, арша жəне астық тұқымдас шалғын шөптесіндер өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>