Селке

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:30, 2022 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау Селке, СелкенЖетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-шығыс сілемдерінде орналасқан асу.

Географиялық орны

Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде, Қытай мен Қазақстан арасындағы шекараны бойлай жатқан Сарықора тауынан өтетін жол.

Жер бедері

Биіктігі 2552 м. Селкеден маусым-қазан айларында асып өтуге болады. Асу баурайынан Сарышілде өзені бастау алады.

Геологиялық құрылымы

Палеозой эрасының екінші жартысында болған герцин тау жасалу кезеңінде қалыптасқан. Кристалдық жыныстар плейстоцен және төрттік кезеңнің шөгінділерімен жабылған.

Өсімдігі

Селкеде шырша мен самырсын, қайың, көктерек пен ақтерек өседі.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер