Көкқия

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:21, 2022 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

КөкқияҚоңыртау тауындағы Көкқия жотасының орталық бөлігіндегі асу.

Географиялық орны

Жетісу облысы Ақсу ауданы Арасан ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 1554 м. Жылдың барлық мезгілінде асудан көлікпен салт атты адам өте алады. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Шығысындағы Бүйен өзені Қаракүнгей тауларының аралығындағы суайрығы. Жатық беткейлі кең өзен аңғарлары мен жайпақ жоталар жоғары қарай біртіндеп, қырлы жоталар мен үшкір шыңдарға ұласады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер