Жекешағыл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Жекешағыл – Арғанаты тауының оңтүстік-шығысы мен Арқарлы жотасының солтүстік бөлігінде орналасқан құмды алқап.
Географиялық орны
Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде.
Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылып жатыр, енді жері 11 км. Аумағы 86 км2. Жер асты суының 3-5 м тереңдіктегі минералдылығы әр түрлі. Маңында Белсексеуіл, Тауқұм, Қарақұм, Сарықұм құмдары бар.
Өсімдігі
Құм төбешіктерінде жусан, еркек шөп, сексеуіл, т.б. бұталы ағаштар өседі. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>