Жалтыржон
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Жылтыржон, Жалтыржон – Жетісу облысы Ақсу ауданындағы құм. Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Лепсі, Ақсу өзендері аралығында.
Жер бедері
Абсолютік биіктігі 460 м. Құмдағы құм төбешіктердің биіктігі 3 м, ал құм жондарының биіктігі 15 – 40 м шамасында.
Өсімдігі
Жусан, еркек шөп, айрауық, бидайық, қызылмия, жыңғыл, шеңгел өседі. Жалтыржон қысқы, көктемгі мал жайылымы.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>