Жалқұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:12, 2022 ж. желтоқсанның 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл

ЖалқұмСарыесікатырау құмының шығысындағы құмды алқап.

Географиялық орны

Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде, Ақешкі және Ақсу өзендері аралығында орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 400 м, ұзындығы 60 км, енді жері 55 км. Жер бедері адырлы, қырқалы келген. Оңтүстігін бойлай Қошқарбасы құмы орналасқан.

Өсімдігі

Жалқұмда жыңғыл, шеңгел, жүзгін, теріскен, т.б. сораң өсімдіктер өседі. Жер бетіне жақын жатқан жер асты суы сәл кермек татиды. Құм қойнауы қысқы, көктемгі мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер