Баба (шығанақ)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шығанақ Баба (Бабий) – Каспий теңізіндегі шығанақ.
Орналасқан жері
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округі аумағында орналасқан.
Сипаттамасы
Сомовий, Сомёнок және Средний аралдары қоршап жатыр. Шығанақ ұзына бойына 35 шақырымға созылған, енді жері 7 шақырымдай. Құрлықтағы шығыс бөлігінде Бабья коса қонысы орналасқан. Шығанақ бойымен Үтері (Утера) атты теңіз каналы өтеді.<ref>Құрманғазы ауданы. Шежіре «Арыс» баспасы. Алматы 2008 ISBN 9965-17-535-7</ref>