Мұқтаркөл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:51, 2022 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл МұқтаркөлТорғай алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының шығысында, Дүкен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, теңіз деңгейінен 76 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 13,2 к2, ұзындығы 8 км, енді жері 2,3 км, жағалау бойының ұзындығы 23 км. Шарасында жыл бойы су болады. Шығыс жағалауы жарлауытты, қалған жағалауы жайпақ. Онда қамыс, құрақ өскен. Маңындағы Алабұғалыкөл және Алакөл көлдерімен қыларналар арқылы байланысып жатады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, наурыз айының – соңында ериді. Жер асты және жауын-шашын суларымен толысып отырады. Көктем айларында Мұқтаркөлге және маңындағы көлдерге Өлкейек өзенінің суы да қосылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер