Жармакөл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:24, 2022 ж. желтоқсанның 7 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл Жармакөл, КөлжармаТорғай алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында, Нұра ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы

Ауданы 12,2 км2, ұзындығы 9,8 км, енді жері 1,6 км. Көктемде Торғай суы толыққанда көл өзенмен жалғасып кетеді. Суы тұщы, сәл кермек татиды.

Жағалау сипаты

Көл Торғай өзенінің ескі арнасында жатыр. Шығыс жағалауы құмды-жарқабақты. Өзенге қараған бөлігі жайпақ.Жағалауында қамыс, құрақ, т.б. әр түрлі су шөптері өскен. Жармакөлдің жағалауы шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер