Үлкен Аралтөбе
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Арал Үлкен Аралтөбе – Алакөл көлінің орта бөлігіндегі арал.
Географиялық орны
Абай (Үржар ауданы) және Жетісу (Алакөл ауданы) облыстарының шекарасында орналасқан.
Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 — 9 км-ге созылып жатыр, ені 5,7 км. Ауданы 26,5 км², абсолюттік биіктігі 439 м. Жер бедері негізінен жазық. Палеозой, орта девон, жоғары карбондық тау жыныстарының үстін борпылдақ шөгінділер жапқан. Шөлге тән өсімдіктер өседі. Үлкен Аралтөбенің оңтүстік-шығысында 1,5 км жерде Кішкене Аралтөбе аралы жатыр.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>