Белағаш Дала

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Дала БелағашЕртіс өзенінің оң жағалауындағы дала.

Географиялық орны

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр.

Жер бедері, геологиялық құрылымы

Ені 30 — 60 км. Абсолюттік биіктігі 225 — 240 м. Шет жағы орта және жоғарғы төрттік кезеңнің шөгінді жыныстарынан, ортасы пермь мен таскөмір кезеңінің интрузивті тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстігі биік жарқабақты, солтүстік-шығысқа қарай біртіндеп аласарады.

Өсімдігі

Жері қызылқоңыр топырақты. Онда селеу, бетеге, шайқурай, тал, жан-жағын қоршай шоқ қарағай орманы өседі.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер