Темір өзені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

Темір өзеніЖем алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысының Мұғалжар және Темір аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 213 км, су жиналатын алабы 8200 км2.

Бастауы

Ақтөбе облысындағы Бұрма ауылының жеріндегі бұлақтардан басталып, Шеңгелші ауылы тұсында Жем өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Ірі салалары – Көлденеңтемір, Көбелей, Толғанай. Аңғарының ені 3 – 10 км, жайылмасы 0,2 – 6 км. Арнасы жоғарғы бөлігінде 30 – 50 м, төменгі бөлігінде 150 – 200 м. Жауын-шашын, ішінара ыза суымен толысады. Жылдық орташа су ағымы Қопа ауылы тұсында секундына 6,55 м3. Сағасынан 34 км-ден 209 км-ге дейінгі аралықта 5 тоған салынған. Суы көктемде – тұщы, жазда – кермек татиды. Суы егістік, шабындық, мал суаруға, Темір қаласының, басқа да елді мекендердің мұқтажына пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер