Көкпекті (өзен, Жем алабы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Көкпекті – Жем өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 56 км, су жиналатын алабы 1750 км².

Бастауы

Бастауын Мұғалжар тауының оңтүстік сілемдеріндегі (390 м) бұлақтардан алып, Ескімола тауынан солтүстік-батысқа қарай 10 км жерде Атжақсы өзеніне құяды.

Гидрологиясы

Арнасы тар, көктемде тасиды. Саралжындысай, Ақшолақ, Байсарысай салалары бар. Суымен мал суарылады. Жайылмасы шабындық.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер