Жайынды
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жайынды – Жем алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы жерінде. Ұзындығы 94 км, су жиналатын алабы 1670 км2.
Бастауы
Шошқакөл бұйратының солтүстік-батысынан басталып, Жемнің саласы – Атжақсы өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Көктемде қар ерігенде суы тасиды. Қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. Жайылмасы шабындық ретінде пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>