Тебенсай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тебенсай – Шалқар алабындағы өзен.
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 135 км, су жиналатын алабы 3790 км².
Бастауы
Мұғалжардың оңтүстік-шығыс беткейіндегі (Жұмырсай ауылы тұсында) бұлақтардан басталып, Қопасор көліне құяды.
Гидрологиясы
Қар суымен толығады. Көктемде ағыны молайып, жазда иірімдерге бөлінеді. Жылдық орташа су ағымы 0,60 м³/с. Мал суаруға, жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>