Құройыл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

ҚұройылОйыл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады.

Сипаттамасы

Ұзындығы 130 км, жалпы ұзындығы 18 км болатын 3 саласы бар. Ірісі – Тіксай. Қоныстану ауылынан төменде (Сырым қыстауы маңында) Ойыл өзенінен бөлініп шығып, Тоғыз көліне құяды. Арнасында жыл бойы дерлік су болады. Құройылдың сол жағалауынан (Ақши қыстауы маңында) Шеткөл тармағы бөлініп шығып, Қарабау ауылына жетпей сорға сіңіп кетеді. Орта және төменгі ағысында көптеген, шағын көлдер жатады.

Арнасы

Өзен арнасы төбелі құмдар, жазық сортаң жерлерімен өтеді. Осыған байланысты суы біршама ашқылтым келеді. Өзен бойында бірнеше елді мекендер орналасқан. Алабы мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты 5 -том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2013 ISBN 996978-601-7472-15-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер