Жаманша

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:06, 2026 ж. шілденің 13 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен ЖаманшаОйыл алабындағы өзен.

Географиялық орны

Атырау облысы Қызылқоға ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 73 км.

Бастауы

Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзенінен Тайсойған ауылының тұсында бөлініп шығып, Каспий маңы ойпатындағы Бөлекаяқ көліне құяды.

Гидрологиясы

Жауын-шашын және Ойыл өзені суымен толығады. Табаны кең әрі тегіс, таяз. Арнасының басым бөлігі желдің әсерінен құмға толған. Құм төбелер мен құм шағылдары арнасына өте жақын.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер