Жіңішкесу (өзен)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жіңішкесу – Аягөз алабындағы өзен.
Географиялық орны
Абай облысы Аягөз ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 41 км, су жиналатын алабы 270 км2.
Бастауы
Бастауын Қарапішен тауының оңтүстік баурайынан алып, Аягөз өзенінің оң саласы – Қурайлы өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Өзен арнасы жонды-белесті, сайлы-жыралы өңірмен ағады. Ақшоқы тауының тұсында (орта ағысында) жағалаулары тік жарқабақты келген. Суы қарашаның 2-жартысында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Аңғары шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>