Балтатарақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Балтатарақ – Абай облысы Аягөз ауданының шығысындағы өзен. Ұзындығы 78 км, су жиналатын алабы 2000 км2.
Бастауы
Тарбағатайдың солтүстік сілеміндегі Көкетау және Бала Қосмұрын тауынан басталып, Аягөз өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Арнасы тар, жағасы тік жарлы. Үлкенді-кішілі 24 саласы бар. Суы тұщы, қараша айының 1-жартысында қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді.<ref>Қазақ энциклопедиясы С.Ә. Әбдірахманов, Ә.Б. Байбатша, Ә.С. Бейсенова, Ж. Достайұлы, Б.Қ. Қойшыбаев, М.А. Құл-Мухаммед, Ш. Құрманбайұлы, Н.К. Мауытов - бас редактордың орынбасары, Т.Т. Махмұтов, А.Р. Медеу, Ә.Ғ. Сәтбаев, Р. Сәтімбекұлы, Ж.С. Сыдықов.</ref>