Ботақан ошағы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:57, 2022 ж. шілденің 9 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

Ботақан ошағыШыңғыстау тауының солтүстігінен шығысқа қарай ағып жатқан өзен.

Ботақан ошағы жайлауындағы Абайдың аулына М. Әуезовтің атасы Әуез Бердіұлы ауылы да қанаттас қонып отырған. Ботақан ошағы, Бақанас, Байқоңыр өзендері бойының көрінісін Абай «Жаздыгүні шілде болғанда» деген өлеңіңде айшықты бейнелеген. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай мен Ділдә осы Ботақан ошағында үйленгені жөнінде бейнелі суреттеледі.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер